Алматыда 7 жастағы баланы аулада көлік қағып кетті

1322
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/policziya-kөligi-960x500.jpg?token=6126ce0faa44f46978476eb078b4846b

Алматыда Шұғыла ықшамауданында 7 жастағы баланы аулада көлік қағып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Оқиға 11 мамыр күні тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Видеоға түсірілген кадрлардан бірнеше баланың аулада жүгіріп жүргені байқалады. Бір бала досымен сөйлесіп тұрып, жолға қарай жүгірген сәтте көлік жүргізушісі оны басып кеткен. Оқиға басқа балалардың көз алдында орын алған.

«Changan маркалы көлік жүргізушісі Шұғыла ықшамауданындағы аулалық жолмен оңтүстікке қарай жүріп, шығысқа қарай өтпек болғанда 7 жасар баланы басып кетті. Жол апаты салдарынан бала дене жарақаттарын алып, қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Оқиға бойынша Наурызбай ауданы полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жұмыстарын бастады», – деп хабарлады полиция.

댓글
기타 기사