Казталовтықтар батырлар рухына тағзым етті

1352
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/75dd4b62-23e8-40ce-ba8a-c58bd3bf3208-960x500.jpeg?token=5d40cfa894c382a6a0b7cdcc8917e9a7

Биыл Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Тарихи мерекеге орай ел көлемінде ауқымды, маңызы зор іс-шаралар өткен болатын. Бүгін күллі қазақ жұрты батырлар рухына тағзым етуде. Казталовтықтар да Жеңіс күнінде майдангерлеріміз бен боздақтарымыздың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бабалар рухына құран бағышталды.

Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сарсенбай Молдашев, ардагерлер, майдангерлер мен боздақтардың ұрпақтары қатысты. Асланбек Ахметоллаұлы аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағында ескерткішке гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.

Ауданымыздың барлық ауылдары мен елді мекендерінде бір мезетте батырлар рухына тағзым ету шарасы өтті.

Айта кетейік, Жеңістің 80 жылдығына орай ауданымыздың 73 тыл ардагері мерекелік медальмен наградталды.

댓글
기타 기사