Бүгін, 5 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ердоғанмен Украина, Сирия және Газа секторындағы жағдайды, сондай-ақ басқа да жаһандық мәселелерді талқыладық. Біз нәтижелі әңгіме құрдық. Түркиямен Ресей мен Украина арасындағы өлімге әкелетін соғысты тоқтату мақсатында ынтымақтастық орнатамыз деп ойлаймын»,—деді Трамп.
АҚШ президентінің айтуынша, Ердоған оны Түркияға шақырған.