Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100 пайыз толды

1273
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/photo-output-9-960x500.jpeg?token=007f711e52a69625e537daa648fc7a1d

Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасы екінші жыл қатарынан 100 пайыз толды. Бұл туралы бүгін, 5 сәуірде Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда су қоймасында шамамен 18,5 млрд текше метр су жиналған. Министрліктің мәліметінше, оның толуы облыстағы Ақдала және Шеңгелді суармалы алқаптарын сумен толықтай қамтуға мүмкіндік береді.

Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің су ағынын реттеп отырады. Жыл басынан бері су қоймасынан Балқаш көліне 3,8 млрд текше метр су жіберілген. Ал былтыр осы кезеңде бұл көлем 2,9 млрд текше метр болған.

Судың мол берілуінің арқасында бір жылдың ішінде Балқаш көлінің деңгейі 12 сантиметрге көтеріліп, Балтық жүйесі бойынша 341,52 метрден 341,64 метрге жеткен. Ал көлдегі су көлемі 2 млрд текше метрге ұлғайған.

Еске салайық, былтыр су қоймасы соңғы 10 жылда алғаш рет 100%-ға толған болатын.

댓글
기타 기사