«Егер Мәскеудің бас алаңында өзбек тілінде жазылса, ойлануға болады»

2479
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/22b46934-0cab-441e-a191-dca905061dc1-960x500.jpeg?token=d872bda5f3d52975079107bb4709daa6

Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасының депутаты Одилжон Тожиев Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Самарқандтағы Мәңгілік алау жанында орыс тіліндегі жазудың болмауына қатысты мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Самарқандқа жасаған сапары туралы хабарлаған едік. Сапар барысында Лавров Самарқандтағы Мәңгілік алау жанында орыс тілінде жазудың жоқтығына назар аударған.

Ресейлік саясаткерге Өзбекстан Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасының депутаты Одилжон Тожиев қысқа, бірақ нық пікір білдірді.

"Өзбек халқы тілді міндет емес, мүмкіндік ретінде таңдайды. Шет тілін жасанды түрде ілгерілету – сүйіспеншілік емес, жаулық тудырады. Егер Мәскеудің бас алаңында өзбек тілінде жазу болса, онда бұл туралы ойлануға болады", – деп жазды депутат.

댓글
기타 기사