Милад Карими Әлем кубогының кезеңінде топ жарды

1429
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/photo-output-15-960x500.jpeg?token=2b1d2aba346d2b601d98c81a2b4d2ce5

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы 13 сәуірде Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында қарсыластарына дес бермеді.

Карими төрешілердің шешімімен 14.666 ұпай жинады. Осылайша бұл Әлем кубогының кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін еркін жаттығуларда үшінші орын иеленген еді.

Финалда екінші орынды Израиль спортшысы Александр Мякинин (14.433), ал қытайлық Чени Се (14.300) үшінші нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, Осиекте өткен жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлде жеңіп алды. Каримиден бөлек Нариман Құрбанов та жүлдегер атанып, ат снарядында өткен жаттығуларда қола медаль жеңіп алды.

댓글
기타 기사