Ақмола облысында автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

1896
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/06/zhol-apaty-960x500.jpg?token=a32f6bdd27479b8cbda95bc2ee1fbb44

Ақмола облысында «ВАЗ» жеңіл көлігі мен «YUTONG» автобусы соқтығысты. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 23 наурызда «Степногорск - Заводской ауылы» автожолында болған. «ВАЗ» маркалы көліктің жүргізушісі мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. «ВАЗ» маркалы көліктің екі кәмелетке толмаған жолаушысы әртүрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды.

Полицейлер сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

«Мұндай оқиғаларды болдырмау үшін жол қозғалысына қатысушыларға, әсіресе, көлік қозғалысы қарқынды жүретін жол учаскелерінде жылдамдықты қатаң сақтау ұсынылады. Сонымен қатар, көліктердің техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыру қажет», - деп атап өтті Степногорск унитарлық кәсіпорнының басшысы Талғат Сақанов.

댓글
기타 기사