Израильдің әуе компаниясы Мәскеуге бағытталған рейстің бәрін тоқтатты

2095
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/img_6282-960x500.jpeg?token=95b875d84decc7e9bf365380499cc258
Израильдік El Al әуе компаниясы Шешенстанға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағының құлауына байланысты Мәскеуге ұшатын барлық рейстерді тоқтатты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеп. Ақпарат бойынша, Ақтау маңына құлаған ұшақтың апатқа ұшырау себебіне Ресейдің тікелей қатысы болуы мүмкін. Сондықтан израильдік El Al әуе компаниясы Тель-Авивтен Мәскеуге ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдағанын жариялады. Мұндай шешім Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін қабылданды. Еске салсақ, Reuters басылымы Әзербайжандағы тергеумен таныс 4 дереккөзге сілтеме жасап, ұшақты ресейлік «Панцирь-С» әуе қорғаныс жүйесі атып түсіргенін хабарлады.
댓글
기타 기사