Ұшақ апаты болған аймақты дронмен түсірген блогер қамауға алынды

2807
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/whatsapp-image-2024-12-26-at-13.23.46.jpeg
Блогер Азамат Сәрсенбаев Ақтаудағы ұшақ апатынан кейінгі жағдайды дронмен видеоға түсіргені үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл жағдайды оның адвокаты Айбек Сүйіндіков мәлімдеді. Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотының үкімімен Сәрсенбаев құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. Блогерге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 667-бабы "Билік өкілінің заңды талабына бағынбау" бойынша айып тағылды. Сот істің мән-жайын ескеріп, ең төменгі жазаны берді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
댓글
기타 기사