Қазақ медицинасының аңызы Төрегелді Шарманов өмірден өтті

8315
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/05/img_3643.jpeg
Қазақстан тағамтану академиясының президенті, белгілі диетолог Төрегелді Шарманов 95 жақа қараған шағында дүниеден өтті. Академикпен қоштасу суреті бар жазбаны ғалымның ұлы Алмаз Шарман өзінің Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Асфендияров атындағы медицина университетіндегі әріптестері де академиктің қайтыс болғанын хабарлады. «Алматы декларациясының Алғашқы медициналық-санитарлық көмегінің әкесі, әлемдік денсаулық сақтаудың аңызы, қазақ медицинасының мақтанышы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті», - делінген хабарламада. Төрегелді Шарманұлы 19 қазан 1930 жылы Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында туған. 1949 жылы мектепті бітірісімен Қарағанды мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, өте жақсы көрсеткішпен аяқтап шықты. 1955-1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медициналық институтынның асперантурасын жақсы нәтижеде бітірген. 1967 жылы «Медицина ғылымдарының докторы» ғылыми атағы; 1968 жылы профессор; 1994 жылдан бастап Қазақстан  Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі; Ресей Медицина Ғылым Академиясының академигі атақтарын алған.
댓글
기타 기사