Қазақстандағы бірнеше жол "ақылы жолдар" қатарына қосылды

3326
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/aқyly-zhol.jpg
Қазақстандағы бірнеше қала аралық жол енді ақылы жолдар қатарына қосылды, деп "Адырна" тілшісі  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Қазан айының басынан бастап екінші және үшінші техникалық санаттағы жолдарға ақылы жүйені енгізу процесі басталғаны айтылды. Оның біріншісі 8 қазаннан бастап Павлодар – Семей – Қалбатау ақылы тас жолы болды. Алдағы күндері келесі учаскелерді ақылы ету жоспарлануда: 2023 жылғы 9 қазан – Бейнеу – Ақжігіт; 2023 жылғы 10 қазан – Орал – Самара; 2023 жылғы 14 қазан – Павлодар – Омбы; 2023 жылғы 16 қазан – Көкшетау – Петропавл. Қазіргі уақытта Орал-Саратов автожолы учаскесінде ақы төлеуді енгізу туралы бұйрық соңғы бекіту сатысында.
댓글
기타 기사