Қазақстанда жасалған.  HESS отандық өнімдер қатарын толықтырды

269
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gx3xHTc8igk1qAu8OKASEMaj75bwZWYSSkAHj7KX.jpg

Қазақстандық нарықта жаңа отандық өнімдер көбейіп келеді. Солардың бірі – HESS қытырлақтары. 2025 жылдың 18 қазанында нарыққа шыққан бренд қысқа уақыт ішінде 24 түрлі дәмнен тұратын ассортимент қалыптастырды. 

ТҰТЫНУШЫ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫНА ҚАРАЙ ЖАҢА ДӘМ

HESS қытырлақтарында қаймақ, ірімшік пен сарымсақ сияқты үйреншікті дәмдерден бастап, кәуап, краб, омар, уылдырық және холодец дәміне дейінгі нұсқалар бар. Сонымен қатар азиялық асханадан шабыт алған терияки, васаби, сычуань бұрышы, тай бұрышы, лайм қосылған чили және теңіз балдырларының дәмдері ұсынылады.

Мұндай алуан түрлілік жаңа дәмдерді байқап көруді ұнататындарға өз талғамына сай өнім таңдауға мүмкіндік береді. Брендтің басты ерекшеліктерінің бірі  де – осы дәстүрлі нұсқалармен шектелмей, жаңа дәм үйлесімдерін сынауға ұмтылуында.

«Біз тәжірибе жасаудан қорықпаймыз. Егер дәм тұтынушылардың қызығушылығын тудырады деп ойласақ, оны сатылымға шығарып, халықтың пікірін бақылаймыз. Яғни, тұтынушы қызығушылығына қарай жаңа дәм шығып отырады», – дейді маркетологРахат Сыздықов 

ХАЛАЛ ӨНІМ

HESS өнімдері Алматы облысындағы «Food Technology» ЖШС өндіріс орнында дайындалады. Өнімнің негізіне Қазақстанда өндірілген нан мен май пайдаланылады, ал дәмдеуіштер Еуропадан жеткізіледі.

Кәсіпорындағы қаптау желісінің қуаты минутына 120 қаптама шығаруға мүмкіндік береді. Компанияның есептеуінше, өндіріс күніне 9 сағат, айына 26 күн жұмыс істеген жағдайда, жылына 1 200 тоннадан астам өнім өндіруге қауқарлы. Бұл шамамен 60 грамдық 20 миллион қаптамаға тең. Өндірістің мұндай мүмкіндігі сұранысқа қарай өнім көлемін арттыруға жағдай жасайды. 

Компания өндіріс барысында азық-түлік қауіпсіздігі талаптарын сақтауға және дайын өнімнің сапасын бақылауға мән береді.

Брендтің тағы бір ерекшелігі – халал сертификатының болуы. Бұл өнім таңдағанда аталған талапқа назар аударатын тұтынушылар үшін аса маңызды.

ЖАСТАРМЕН БІР ТОЛҚЫНДА

HESS өз аудиториясын тек дүкен сөрелерінен іздемейді. Бренд спорт, киберспорт, студенттік орта және әлеуметтік желілер арқылы жастармен байланыс орнатуға ұмтылады.

Қыркүйек айында компания Астанада өткен марафонға қатысушылардың старттық жиынтықтарына өнімдерін қосты. Сондай-ақ Астанадағы компьютерлік клубтардың бірінде алғашқы сынақ жобасын іске қосып, жоғары оқу орындарында дегустациялар мен өнім тарату шараларын өткізеді.

TikTok желісінде де бренд қысқа видеолар арқылы аудиториямен байланыс орнатып, пайдаланушылар жасаған контентке назар аударады.

HESS брендінің негізін қалаушы Сергей Романовтың айтуынша, компания үшін Қазақстанда өнім өндіру маңызға ие.

«Біз үшін өнімді Қазақстанда өндіруден бөлек, осы елде өзіндік сипаты, ауқымды мақсаты және даму әлеуеті бар брендті қалыптастыру маңызды», – дейді HESS брендінің негізін қалаушы Сергей Николаевич Романов.

Бренд алдағы уақытта ассортиментін дамытып, тұтынушылардың талғамына сай жаңа дәмдерді сынауды жалғастыруды көздейді. Компанияның басты қағидаттары – сапа, қолжетімділік, даму, адал бәсекелестік және тұтынушыларға жағымды әсер сыйлау.

24 түрлі дәмі, жергілікті өндірісі және жастармен байланыс орнатуға бағытталған жобалары бар HESS қазақстандық снек нарығында өз орнын қалыптастыруға ұмтылып келеді. Ал брендтің келесі даму кезеңін тұтынушылардың таңдауы мен нарықтағы сұраныс айқындайды.

댓글
기타 기사