ҚТЖ мен “Самұрық-Қазына” басшыларының ұсталған сәті түсірілген видео тарады

64
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/PyERS1MSY1kj3R7DqBopA6Bo20kBYa28zCkhHngk.jpg

Фото: Бейнеден скрин

Әлеуметтік желілерде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталған сәті бейнеленген фото және видеолар тарады, деп хабарлайды “Адырна”. 

Тараған кадрлардың бірінде Нұрлан Жақыповқа ұқсайтын ер адамның үй киімімен есік алдында тұрғаны көрінеді. Ал оның алдында құқық қорғау органдарының қызметкерлері болуы мүмкін бірнеше адам бар. Оқиға бейнежазбаға түсірілген.

Ал басқа кадрларда Елжас Отыншиев деп көрсетілген ер адамды азаматтық киімдегі бірнеше адамның көшеде алып бара жатқаны байқалады.

Әзірге фото және видеолардың қайдан тарағаны, оларды кім түсіргені белгісіз.

Еске салайық, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Отыншиевті және өзге де тұлғаларды ұстағанын растады.

댓글
기타 기사