Прокуратура жастар арасында құқықтықбатл ұйымдастырды

163
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/l7kAH1pbszfXeUzRRxLLwNM3em1V2z3w8C4SEzDU.jpg

Іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың жалғасы болып табылады және жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер мен жастар ортасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
 
Құқықтық сайысқа Гуманитарлық-техникалық колледж бен Шемонаиха колледжінің студенттері, сондай-ақ Шәкәрім атындағы №4 мектептің оқушылары қатысты.
 
Батл ойын түріндегі сот процесі форматында өтті. Онда мектеп оқушыларымен студенттер сот өндірісіне қатысушылардың рөлін сомдап, заңнама бойынша білімдерін практикада қолданды, сондай-ақ дәлелдеу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын көрсетті.
 
Қатысушылардың өнерін прокуратура, сот және полиция өкілдерінен құралған білікті әділқазылар алқасы бағалады. Сонымен қатар тәуелсіз судьялар ретінде аудандық әкімдік пен Ақсақалдар кеңесінің өкілдері шақырылды.
 
Шақырылған қонақтар жастардың дайындық деңгейін жоғары бағалап, олардың құқықтық білімді сенімді меңгергенін және шешендік өнердің жоғары деңгейін атап өтті.
 
Интерактивті формат ашық диалог үшін жағдай жасауға, заңнаманы үйренуге деген қызығушылықты арттыруға және жасөспірімдерді қоғамға пайдалы қызметке тартуға мүмкіндік берді.

댓글
기타 기사