"Путин – диктатор". Эстония премьері дегенінен қайтпады

242
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/NNbMIjsfKUayoN8PdwcTLcCsGsuu1CC8yxYAZQv8.webp

Эстония премьер-министрі Кристен Михал Ресейге қатысты қатаң мәлімдемелер жасаудан бас тартпайтынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW-ға сілтеп. 

Ол АҚШ тарапының Мәскеуге қатысты риториканы жұмсарту жөніндегі ұсыныстарына қарамастан, Ресей тарапынан төнетін қауіп туралы ашық айтуды жалғастыратынын жеткізді.

30 қазанда Delfi басылымына берген сұхбатында үкімет басшысы диктаторларға жағымпаздану қорлыққа әкелетінін және мұндай жағдайда бостандықтан айырылу қаупі бар екенін айтты.

«Мен өз сөзімді тежемеймін. Путин – әйелдер мен балаларды өлтіріп жатқан диктатор. Оны саясатын өзгертуге мәжбүрлемейінше, ол бұл әрекетін жалғастыра береді», – деді Кристен Михал.

Премьер-министрдің сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамппен соңғы рет жазда Анкарада кездескен. Алайда сол кезде Ресейге қатысты мәлімдемелерді жұмсарту мәселесі көтерілмеген.

Бұған дейін Reuters агенттігі Пентагон өкілдері Латвия, Литва және Эстония өкілдерімен екіжақты кездесулерде Ресейге қатысты өткір мәлімдемелерден бас тартуға кеңес бергенін хабарлаған. Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ қорғаныс министрінің саясат жөніндегі орынбасары Элбридж Колби Балтық елдерінің бірінің өкіліне Ресейдің арандатуына жол бермеу керектігін айтқан.

Ал Литва президенті Гитанас Науседаның кеңсесі АҚШ тарапынан Ресейге қатысты мәлімдемелерді жұмсарту жөнінде ешқандай өтініш түспегенін айтты.

댓글
기타 기사