FlyArystan жолаушыға моральдық зиян үшін өтемақы төлейді

337
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/j7FJlVMvmaJ34AY8KezUVftJJeXHPLHlp1NpORzH.png

Шымкент–Алматы бағытындағы рейстің жолаушысы FlyArystan әуе компаниясынан моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Сот тасымалдаушыны жолаушының сот шығындарын толық өтеуге де міндеттеді.

Оқиға биыл шілде айында Шымкент әуежайында болған. Заңгер Абылай Байтеновтің айтуынша, сырттағы ауа температурасы 40 градусқа жеткен кезде жолаушылар кондиционері қосылмаған, есіктері жабық ұшақтың ішінде шамамен 45 минут отырған.

Жолаушы әуе компаниясының қызмет көрсету сапасына байланысты сотқа талап арыз түсірген. Іс бойынша дәлелдердің бірі ретінде оқиға кезінде смартфонға түсірілген бейнежазбалар ұсынылған.

Абылай Байтенов әлеуметтік желідегі парақшасында оқиғаның сағат 17:00 шамасында болғанын жазды. Оның сөзінше, сот отырысында әуе тасымалдаушысы жағдайды заңбұзушылық деп мойындамаған.

Бірінші сатыдағы сот жолаушының талабын қанағаттандырып, FlyArystan компаниясынан моральдық зиян үшін өтемақы өндіріп алу туралы шешім шығарған. Сондай-ақ компания жолаушының сот шығындарын толық өтеуге міндеттелген.

Заңгердің айтуынша, іс әлі жалғасуы мүмкін. Ол әуе компаниясы апелляциялық шағым түсіреді деп күтіп отырғанын жеткізді. Қазіргі уақытта істің бұдан әрі қалай өрбитіні белгісіз.

댓글
기타 기사