Павлодарда Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйел ұсталды

243
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/kwOjYjZnlacSvkSMVAXPWhQvvG5oRErDCTBio3ks.png

Павлодарда әлеуметтік желіде қазақ халқын қорлап, Ресей президенті Владимир Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйел ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«28 қазанда сепаратистік сипаттағы видео жариялады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол бұған дейін есірткі заттарын өткізгені үшін сотталған», – делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде өзін Ольга Мұхаметжанова деп таныстырған әйелдің видеосы тараған еді. Ол Екібастұз қаласында дүниеге келгенін айтқан.

Өз үндеуінде әйел Ресей президенті Владимир Путиннен Қазақстанға Ресей әскерін кіргізуді сұраған. Сонымен қатар қазақ халқына тіл тигізіп, Қазақстанның бірқатар қаласы Ресейге тиесілі деген мәлімдеме жасаған. Бейнежазба қоғамда үлкен резонанс тудырып, құқық қорғау органдарының назарын аударған болатын.

댓글
기타 기사