Бүлдіршін балабақшада сорпаға күйіп қалған

122
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5wlwZwlthiQC4vikOsmh9q8CUFofiEN35TgKiBsg.jpg

Фото ЖИ көмегімен жасалған
Астанада балабақшада бір жарым жастағы баланың ауыр күйік алуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды “Адырна”.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 2 қазанда болған. Бала ыстық сорпаға күйіп, денесінің 10 пайызы үшінші дәрежелі күйік алған.

Баланың анасының айтуынша, балабақша өкілдері оқиғаға өздерінің қатысы бар екенін жоққа шығарған.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Балабақша қызметкерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында бейнебақылау камераларындағы жазбалар алынып, зерделеніп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

댓글
기타 기사