Венгрия мемлекеттік қауіпсіздік қызметі агенттерінің тізімін жариялауды кейінге қалдырды

117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/ejc0Tvi21ce6ZdtjKNkRubmj4Jdtsd1xzPSfT1VG.webp

Венгрия мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің офицерлері, агенттері мен ақпарат берушілерінің тізімін жариялау 4 қарашаға шегерілді. Бұл күн 1956 жылы Кеңес әскерлері Венгриядағы революцияны басу үшін ауқымды әскери шабуыл бастаған тарихи оқиғамен тұспа-тұс келеді. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы жазды, деп хаюарлайды “Адырна”.

Бастапқыда құпия архивтерді ашу және тиісті тізімдерді жариялау 23 қазанға жоспарланған. Алайда техникалық себептерге байланысты жарияланым мерзімі өзгерген.

4 қараша – Венгрия тарихындағы қайғылы күндердің бірі. 1956 жылы дәл осы күні Кеңес әскерлері елдегі антикоммунистік және антикеңестік көтерілісті басу мақсатында ауқымды әскери операция бастаған. Венгрияда бұл оқиғалар революция ретінде аталады.

Биыл Венгрия 1956 жылғы революцияның 70 жылдығын атап өтіп жатыр. Елдің қазіргі премьер-министрі Петер Мадьяр тарихи оқиғаларды қоғамдық жадта сақтауға және олардың маңызын қайта пайымдауға ерекше көңіл бөліп келеді.

Мадьяр 1956 жылғы революцияны Венгрияның ұлттық бірлігі мен саяси өзгерістерінің маңызды кезеңі ретінде қарастырады. Сондай-ақ ол 2026 жылы Виктор Орбан билігінің аяқталуын осыдан жетпіс жыл бұрын басталған тарихи үдерістердің жалғасы ретінде бағалайды.

댓글
기타 기사