Бір қаланың халқы. Жапонияда 100-ден асқан 107 мың адам тұрады

262
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iLhzrWKZTAlMO3IPfiH8WpnPeNqni7Zh6XSf5OXr.jpg

Фото: nippon.com

Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша елде 100 жастан асқан 107 677 адам тұрады. Бұл – 1963 жылы статистика жүргізіле бастағаннан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Jiji Press агенттігіне сілтеп.

Аталған көрсеткіш 56 жыл қатарынан жаңарып отыр.

«Көптеген адамның ұзақ жылдар бойы денсаулығын сақтап, белсенді өмір сүріп жатқанына қуаныштымын. Салауатты өмір сүру ұзақтығын арттырудың маңызы зор. Өйткені қарт адамдар қоғамның тірегіне айналып келеді», – деді Жапонияның Денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрі Кэнъитиро Уэно үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Мәліметтер ел тұрғындарының негізгі тізіміне негізделген. Былтырмен салыстырғанда 100 жастан асқан адамдардың саны 7 914 адамға өскен. Олардың басым бөлігі – әйелдер. Атап айтқанда, 94 298 әйел тіркелген. Бұл жалпы көрсеткіштің шамамен 90 пайызына тең.

Жапонияда әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 100 жастан асқан 87,51 адамнан келеді. Префектуралар арасында бұл көрсеткіш бойынша Симанэ өңірі 14 жыл қатарынан бірінші орында тұр. Мұнда әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 186,65 ғасыр жасаған адамнан келеді. Одан кейін Коти (169,52) және Тоттори (152,48) префектуралары орналасқан.

Ал 100 жастан асқан тұрғындардың үлесі ең төмен өңір – Сайтама префектурасы. Мұнда әрбір 100 мың адамға шаққанда 51,27 ғасыр жасаған тұрғыннан келеді. Одан кейін Айти (57,79) және Осака (60,06) префектуралары тұр.

Жапонияның ең қарт тұрғыны – Киото қаласында тұратын 114 жастағы Фуё Кисимото. Ол 1911 жылы дүниеге келген. Ал елдегі ең қарт ер адам – Кумамото өңірінің тұрғыны, 112 жастағы Хикару Като. Ол 1914 жылы туған.

Биылғы қаржы жылында Жапонияда 54 294 адам 100 жасқа толады. Оларға құттықтау хаттары мен күміс тостағандар табысталады.

Жапонияда ғасыр жасаған адамдардың статистикасы алғаш рет 1963 жылы жүргізіле бастады. Сол кезде елде 100 жастан асқан 153 адам болған. 1981 жылы олардың саны 1 000-нан, 1998 жылы 10 мыңнан асты. 2012 жылы көрсеткіш 50 мыңға жетсе, 2022 жылы 90 мыңнан жоғарылады.

댓글
기타 기사