Республикалық мектептегі оқиға. Уланған оқушылар саны артты

130
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/iRQGsEQ8MqNDr3oOygknZaOGPTaa7dUZzDdtqbht.jpg

Фото: 2gis

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде жедел ішек инфекциясын жұқтырғандар саны артты, деп хабарлайды “Адырна”.

Ауру белгілерімен ауруханаға жатқызылған оқушыларының саны 55-ке жетті. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, балалар 12–15 қазан аралығында Алматы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасына жеткізілген. Қазір оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, мамандардың тұрақты бақылауына алынған.

Басқарманың хабарлауынша, ауруханаға жатқызылған балалардың жағдайы тұрақты. Дерттің асқыну белгілері байқалмаған. Реанимациялық көмек қажет болған жағдайлар тіркелмеген.

Оқиғаға байланысты мектеп 14–16 қазан аралығында оқу процесін уақытша онлайн форматқа ауыстырды. Мектеп-интернат пен ас блогының жұмысы тоқтатылды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары ғимараттарды тексеріп, зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар алған.

Сондай-ақ Алматы қаласының полициясы РФММ оқушыларының жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Еске салайық, 14 қазанда Алматыдағы РФММ-нің 50-ге жуық оқушысы жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылғаны хабарланған еді.

댓글
기타 기사