Әскерге жібермек болған. Әйел ұлының денсаулығына алаңдап, Президенттен көмек сұрады

297
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gQf0otrip3qLPNApO9efT2POkahBBA5zq4xUQFHh.webp

Астаналық тұрғын әскерге шақырылған ұлының денсаулығына алаңдап, Президенттен көмек сұрады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Әйелдің айтуынша, баласының медициналық тексеруі толық аяқталмай жатып, оны әскери комиссариатта қалдырған. Кейін жағдайға қатысты түсініктеме берген ана ұлының қазір өзімен бірге екенін және шағымы жоқ екенін айтты.

Гүлжанат Юпитерқызының сөзінше, ұлына 8 қазанда әскерге шақыру қағазы келген. 12 қазанда ол баласын Астанадағы Байқоңыр ауданының әскери комиссариатына өзі апарған. Әйелдің айтуынша, 2025 жылғы қыркүйекте ұлының денсаулығына байланысты әскерге шақыру алты айға кейінге қалдырылған. Сол кезде дәрігерлер өт қабынан полиптер мен жедел гастрит анықтаған. Кейінгі ультрадыбыстық зерттеу кезінде жүрегіне қатысты да ауытқулар байқалған. Анасының айтуынша, әскери комиссариатта ұлын казармада қалдырып, телефонын алып қойған. Ол бірнеше сағат бойы жауапты қызметкерлерден түсініктеме алуға тырысқанымен, нақты жауап ала алмағанын айтты. Сондай-ақ ұлын Шымкентке немесе Отарға жіберуі мүмкін екенін естіген.

Әйел ұлын әскерден босатуды талап етпейтінін, тек денсаулығына қатысты тексеру толық жүргізіліп, шешім заңға сәйкес қабылдануын қалайтынын жеткізген.

Кейінірек Гүлжанат Юпитерқызы жағдайға қатысты қосымша мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, медициналық комиссияның жұмысы аяқталмағандықтан, ұлы қосымша тексеруден өткен. Оған дәрігерлерге қаралу үшін жолдама берілген. Астана тұрғыны ұлының қазір жанында екенін айтып, жағдайға жедел назар аударғаны үшін қорғаныс министрлігіне алғыс білдірді. Сондай-ақ ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеді.

댓글
기타 기사