Премьер-министр министрге ескерту жасады

160
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/U1Rx9yCcyw2F7W65E1U2TEntbSOT9KRnBmsSqiZt.jpg

Премьер-министр Олжас Бектенов сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке қазақстандық тауарлардың экспортын арттырып, сыртқы нарықтарға шығу жұмысын жандандыруды тапсырды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл мәселе үкімет отырысында көтерілді.

Министрдің мәліметінше, биылғы тоғыз айда Қазақстандағы сауда көлемі 61 триллион теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 16 пайызға өскен. Оның ішінде көтерме сауда 16 пайыздан астам, бөлшек сауда 15 пайызға артқан.

Сауда өсімінің 70 пайыздан астамын қалыптастыратын негізгі он тауар тобының қатарында автомобильдер, тұрмыстық техника, фармацевтикалық өнімдер, сусындар, азық-түлік және құрылыс материалдары бар.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, биылғы сегіз айда шикізаттық емес тауарлар мен қызметтер экспорты 17 пайыздан астам өсіп, 28 миллиард АҚШ долларынан асқан. Ал тауар экспорты 18 пайыздан астам өсіп, 21,5 миллиард долларға жеткен.

Олжас Бектенов ішкі нарықтың көлемі шектеулі екенін атап өтіп, отандық өнімдерді шетелде өткізу жұмыстарын күшейту қажеттігін айтты.

«Сыртқы нарықтарға белсендірек шығу керек. Ішкі нарығымыздың көлемі онша үлкен емес, сондықтан жұмысты жандандыру қажет», – деді Олжас Бектенов министрге.

댓글
기타 기사