Қазақ тілі сабағын "мемлекеттік тіл сабағы" деп атаған жөн

138
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yav1esIawMyaC4vg5jUe8aowaiGVFpa7ZoT9bhYP.jpg

Еліміздегі мектептердегі оқу кестесінде  қазақ тілі сабағын жай ғана "қазақ тілі" демей "мемлекеттік тіл сабағы" деп атаған жөн.

Бұлай атау - мектеп қабырғасынан бастап қазақ тілінің мемлекеттік тіл екендігін, оның аса маңыздылығын күнделікті өскелең ұрпақтың санасына сіңіреді.

Кітаптың мұқабасында "Қазақ тілі" деп жазылған Мемлекеттік тіл сабағына немқұрайлы қараудың немесе жөнді қатыспай, нашар баға алудың қандай болатынын ойлап көріңіз?

Бұл - мемлекетке, мемлекеттік тілге құрметсіздік және сауатсыздық болады емес пе?

Қай бала ондай қатарда жүргісі келеді?

Мемлекеттік тіл сабағынан тапсырылатын емтиханда қойылатын баға оқушының жоғары оқуға  түсуі үшін қажетті  ең маңызды көрсеткіштердің бірі болуға тиіс.

Осы бағытпен жүрсек, әнұранды балабақша кезінен жаттап өскендей балалар мемлекеттік тілге де үлкен құрметпен қарауды үйренеді.

Қанат Айтбаев

댓글
기타 기사