Ресей бейбіт тұрғындарға шабуылды жиілетті. Тағы да ондаған қаза

80
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/4hCSTKXets2jdPelFMUqYGzOBi56hgDCMTkqsCwW.avif

10 қазанда Ресей әскерінің Украинаға жасаған шабуылынан кемі 20 адам қаза тапты, оның бірнешеуі –  бала, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

10 қазанда Ресей әскері Украинаның Запорожье қаласына да басқарылатын бомбалармен соққы жасады. Соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 20 адам қаза тауып, 18 адам жараланған. Қаза тапқандардың үшеуі мен жараланғандардың үшеуі – балалар. Ресей тарапы шабуылға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Облыстық қорғаныс кеңесінің басшысы Иван Федоровтың хабарлауынша, шабуыл жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат бестер шамасында болған. Құтқарушылар күні бойы үйінді астында қалған адамдарды іздестірген. Жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00 шамасында үйінді астынан бір әйел шығарылған. 

Одан бөлек, Оболон ауданындағы демалыс аймағына соққы жасап, жеті адам жараланды. DW дерегінше, олардың үшеуінің жағдайы ауыр. 

Киев қаласының мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, соққы мейрамхана ғимаратына тиген. Оқиға орнында өрт шығып, құтқарушылар оны сөндірген.

Украина президенті Владимир Зеленский әуе шабуылына қатысты пікір білдіріп, Ресейдің тұрғын үйлерге соққы жасағанын сынға алды.

Еске салайық, осы оқиғамен тұспа-тұс АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Ресей дизель отынын жеткізуге қатысты санкцияларды алып тастайтынын айтқан. Трамптың айтуынша, тараптар дизель отынын АҚШ-қа және басқа елдерге жеткізу жөнінде келіскен.

Ал Майамиде Украина, Еуропа және АҚШ делегацияларының келіссөздері өткен. Екі күнге жоспарланған кездесулер мерзімінен бұрын аяқталған еді.

Екі күн бұрын Украинаның Краматорск қаласында рейстік екі автобусқа жасалған соққыдан кемінде 30 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алғанын хабарлаған едік.

댓글
기타 기사