Астанада үш баланың өмірін қиған өрттің себебі анықталды

91
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/FDbZ7O7OSERjK14UkD47OBcf5SmxvzFLR5iTdPu6.webp

Астанада үш баланың өмірін қиған өрт балалардың ойыны салдарынан шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Руслан Қайрақбаев хабарлады.

Оның айтуынша, жалын пәтердің ішінен тұтанған. Қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты іс Қылмыстық-процестік кодекстің 35-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы негізінде тоқтатылған.

Қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенімен, аулаға кіретін жолдың жабық болуы және көліктердің көптігі техниканың қозғалысын қиындатқан.

Өрт сөндіру кезінде пәтерден күйік алған әйел шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында екі мен 13 жас аралығындағы үш қыздың мәйіті табылған.

Құтқарушылар жоғары қабаттардан 20 адамды эвакуациялап, 40-қа жуық тұрғын ғимараттан өздігінен шыққан.

댓글
기타 기사