Құрылтайдан – қорғанысқа. Өкілеті тоқтаған депутат министрдің орынбасары болды

207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dzB4Ig1ei5SL3HzweyxkKOKlHbVT4yPsq0MgyvhN.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасары Әскер Бейсеновті қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды»,– делінген хабарламада.

Әскер Бейсенов бұл қызметті 2023 жылдың сәуір айынан бері атқарып келген еді.

Енді бұл қызметті бірнеше сағат бұрын өкілеті тоқтатылған Құрылтай депутаты Татьяна Савельева атқарады.

«Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды», -делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 7 қазанда Құрылтай депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына 130 адам қолдап дауыс берсе, екеуі қалыс қалған еді. Қарсы дауыс бергендер болған жоқ.

 

 

 

 

댓글
기타 기사