Былтыр және биыл тағайындалған 3 әскери басшы бір демде қызметтен шеттетілді

129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/H3ldTGRvS1QHsHHf3ic3xBIP1qzGdG2yaXt0wYSJ.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінің үш жоғары лауазымды әскери шенеунікті қызметінен босату туралы өкімдерге қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Өкімге сәйкес:

Генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды. Ол бұл қызметке 2026 жылғы 17 қаңтарда Президент өкімімен тағайындалған еді.

Генерал-майор Алмаз Жұмакеев қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен 3 қазан күні босатылды. Бұған дейін 2022 жылғы наурыздан бастап Қарулы Күштердің Десанттық-шабуылдау әскерлерін басқарды. 2026 жылғы 11 наурызда Президент өкімімен Қорғаныс министрінің тыл және әскери инфрақұрылым жөніндегі орынбасары болып тағайындалған еді.

Үшінші әскери қызметші Қанат Ниязбеков те Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.

1 рангалы капитан Қанат Ниязбеков аталмыш қызметке 2025 жылғы 15 тамызда Президент өкімімен кіріскен.

Айта кетейік, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде 17 әскери қызметшіні Каспий теңізіне толқын алып кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, бес әскери қызметші күдікті деп танылды. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы жағдайдан соң қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі арнайы комиссия құруға тапсырма берген. Комиссия алғашқы аптадан-ақ Мемлекет басшысына тексеріс нәтижесі бойынша есеп беруі тиіс.

댓글
기타 기사