Белгілі әнші Болат Әбдіахметов дүниеден озды

182
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/CKf5tjkuwadRRx1ZhjcHAxX4dz3vHp5YxgMGmNdt.webp

Қазақ өнеріне өзіндік үлесін қосқан әнші, өнер қайраткері Болат Әбдіахметов дүниеден өтті. Қайғылы хабарды өнер иесінің жақындары әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

«Қазақтың кәсіби өнеріне өзіндік үлесін қосқан, біртуар азамат, кәсіби әнші, өнер қайраткері Болат Әбдіахметовтің дүниеден өтуіне байланысты жарына, бала-шағасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Болат Әбдіахметов – Мәскеуде кәсіби білім алып, өнердің биік белестерін бағындырған, қазақ мәдениеті мен өнеріне адал қызмет еткен зиялы азамат еді. Өмірде ақжарқын мінезімен, көргенділігімен, парасат-пайымымен елінің құрметіне бөленген абзал жан болатын», – делінген жазбада.

Болат Әбдіахметов Абай облысындағы облысындағы Шар қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік музыка училищесінде эстрада және джаз саласы бойынша білім алған. Ол ұзақ жылдар бойы қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосып, көрерменге бірнеше танымал әнін ұсынды.

Әнші көпшілікке «Жалаңаяқ қыз», «Сұлуым» секілді шығармаларымен кеңінен танылды. Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Жалаңаяқ қыз» әні оның шығармашылық мұрасындағы танымал туындылардың біріне айналды. Ән Орталық Азия елдерімен қатар Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде де тыңдарман ықыласына бөленген.

Шығармашылық қызметі барысында Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Ресей, Қытай және Таиландта өнер көрсетіп, түрлі концерттік бағдарламаларға қатысты.

댓글
기타 기사