Транскаспий оптикалық талшық желісі ертерек қосылуы мүмкін

225
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/juWGwIZMI0ziRNvCzKiLOyPh5t68DDpzjpgnKuHI.png

Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі бір айға жетпейтін уақытта іске қосылады деп күтілуде. Бұл туралы Әзербайжанның экономика министрі Микаил Жаббаров Бакуде өткен CAMCA 2026 өңірлік форумында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Деректерді беру саласында бір айға жетпейтін уақытта іске қосылады деп күтіліп отырған Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі Еуропа мен Азияны жалғайтын жаңа жоғары өнімді байланыс арнасын қалыптастырады», – деді Жаббаров.

Министрдің айтуынша, қазіргі заманғы өңірлік дәліздер тек жүк тасымалымен шектелмей, энергетикалық және цифрлық байланыстарды да қамтиды.

Бұған дейін теңіз түбінен келетін Транскаспий желісі жыл соңына дейін іске қосылатыны айтылған еді.

댓글
기타 기사