Қазан келсе, қымбатшылық ене ме? Алматыда автотұрақ ақысы да өседі

175
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/1e9Rm7LAtpvgzB3TByJ1ug0ngqAzS74WFopS8C0I.png

Фото ЖИ көмегімен жасалған

2026 жылғы 4 қазаннан бастап Алматыдағы коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі өзгереді, деп хабарлайды “Адырна”. 

Баға көшедегі көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұранысқа қарай белгіленеді.

Жаңа тарифтер:
* 100 теңге – көлік қозғалысы аз учаскелерде;
* 150 теңге – орташа жүктемедегі аумақтарда;
* 200 теңге – сұранысы жоғары және тұрақ орындары тапшы учаскелерде.

Бұған дейін Алматыдағы ақылы тұрақтың бірыңғай тарифі сағатына 100 теңге болған. Бұл баға 2016 жылдан бері өзгермеген.

Тұрғын үйлердің маңындағы тұрақтарда сол үйлердің тұрғындары үшін жеңілдік сақталады. Тұрғындар үйіне жақын тұрақта бір көлікті тегін қоюға рұқсат рәсімдей алады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, тарифтерді саралау тұрақ орындарын тиімді пайдалануға, бос орын іздеу уақытын қысқартуға және жолдағы көлік жүктемесін азайтуға бағытталған.

Бұдан алдын Алматыда қазан айынан бастап су траифтері қымбаттайтыны хабарланған. 

댓글
기타 기사