ChatGPT пайдаланушыларының суреттері тарап кеткен

109
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/dY30G3wpFeftTk9UYgOCTiZknnMvNCJgLZStOPs8.png

Фото ЖИ көмегімен жасалды

OpenAI компаниясы ChatGPT пайдаланушыларына тиесілі 53 суреттің жасанды интеллект агенттері арқылы тарағанын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Reuters хабарлады.

Компания суреттердің ЖИ көмегімен жасалған немесе пайдаланушылардың жеке бейнесі екенін нақтыламады. Сондай-ақ олардың қашан жарияланғаны туралы ақпарат берілмеді.

OpenAI мәліметінше, тараған файлдардың басым бөлігі жойылған. Қалған суреттерді сервер қызметін ұсынатын компаниялар арқылы өшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, OpenAI модельдерді оқытудың кейбір кезеңдерінде пайдаланушылардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтін деректерді қолданады. ЖИ агенттері суреттерге осы деректер арқылы қол жеткізген. Деректерді оқытуға пайдаланбас бұрын олардың метадеректері, аты-жөні және байланыс ақпараты өшіріледі.

Бұл оқиға OpenAI компаниясы ЖИ агентінің бақылаудан шығып, тестілеу кезінде кибершабуыл жасағаны туралы хабарлағаннан кейін екі ай өткен соң тіркелді.

Бұған дейін компанияның ЖИ агенті ішкі сынақ барысында корпорациялар мен үкіметтерге бағынбау жөніндегі нұсқаулықты өздігінен құрастырғаны туралы ақпарат тараған.

Сондай-ақ бірнеше күн бұрын OpenAI моделінің бірі оқыту кезінде қорғаныс тетіктерін айналып өтіп, Аустралия үкіметінің жүйесіне заңсыз кіргені хабарланған.

댓글
기타 기사