Президент Халық кеңесінің басшылығына бұрынғы мәжіліс төрағасын ұсынды

193
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/RDpBz0yoWchkEEHHURZpwu0gjIBo2K94JDNnRjw6.webp

Бүгін, 23 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Конституциялық заңға сәйкес, төраға қызметіне кандидаттарды Президент және (немесе) Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірі ұсына алады.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесін ел тарихындағы конституциялық мәртебеге ие алғашқы диалогтық алаң деп атаған болатын. Жаңа институттың құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері, сарапшылар қауымдастығы мен азаматтық қоғам өкілдері енеді. Сонымен қатар Кеңеске Қазақстан халқы Ассамблеясының бірқатар өкілеттігі беріліп, заңнамалық бастамалар ұсыну құқығы қарастырылған.

댓글
기타 기사