АҚШ-та екі жасар сиам егіздері ажыратылды

137
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/3cVeGFjDEm75uQwgxsMDf7eZpUyJotIpoEhxy7bv.webp

АҚШ-тың Сент-Луис қаласындағы балалар клиникасында бас сүйегі бітісіп туған екі жасар сиам егіздері Хияб пен Вухбтоға күрделі операция жасалды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі ABC News-ке сілтеп.

Хирургтер қыздарды сәтті ажыратқан.

Операция 24 сағаттан астам уақытқа созылған. Оған әртүрлі медициналық бағыттағы мамандардан құралған көпсалалы дәрігерлер тобы қатысты.

Егіз қыздар Эфиопияда дүниеге келген. Олар операцияға дейінгі дайындықтан өту үшін 2025 жылғы наурызда АҚШ-қа келген. 2026 жылғы наурызда қыздар екі жасқа толған.

Қазір Хияб пен Вухбто Мэриленд-Хайтс қаласындағы Ранкен Джордан педиатриялық орталығында қарқынды ем алып, оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Дәрігер Ник Хоулкамптың айтуынша, олардың жағдайында оң динамика байқалады.

Қыздар жеке оңалту жаттығуларына қатысып жүр. Операцияға дейін орындай алмаған қарапайым әрекеттерді меңгере бастаған. Атап айтқанда, олар тік отыра алады. Сонымен қатар өздігінен тамақтану, сөйлеу және бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытып, бірге ойнауға үйреніп жатыр. Алдағы уақытта мамандар олардың өздігінен тұрып, қозғалу қабілетін қалыптастыруды көздеп отыр.

Дәрігердің айтуынша, бас сүйегі тұсынан бітісіп туған егіздерді ажырату – сирек кездесетін әрі күрделі медициналық жағдайлардың бірі. Мұндай операцияға әртүрлі саладағы хирургтер мен медицина мамандары қатысады және одан кейін ұзақ оңалту кезеңі қажет.

댓글
기타 기사