Онлайн жиында электронды темекі шеккен мәслихат төрағасына айыппұл салынды

207
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/LnwCeLWD3UTkdw5DroKPcBkC55eEBqsrHXgwPkBu.jpg

Қарағанды облысының Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы Қанат Саққұлақов онлайн жиын кезінде электронды темекі шеккені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 32 437 теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды "Адырна".

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның қызметтік кабинетінде жұмыс үстелінде отырып, бейнебайланыс арқылы өткен жиынға қатысып отырған видеосы тараған. Кадрдан оның электронды темекі шеккені байқалады.

Қарағанды облысының полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде бейнежазбаны анықтап, тексеру ұйымдастырған. Нәтижесінде видеодағы адамның Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы екені және электронды темекі қолданғаны расталған.

Осы әрекеті үшін Қанат Саққұлақовқа әкімшілік айыппұл салынған.

Полиция департаменті лауазымына, мәртебесіне немесе қоғамдағы орнына қарамастан, әр азамат заң талаптарын сақтауға міндетті екенін атап өтті.

Ведомство заң мен тәртіп талаптарының баршаға бірдей қолданылатынын еске салды.

댓글
기타 기사