Актер Еркебұлан Тоқтар айыппұл арқалады

190
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mOjIb5DmzX0SHtzmPILaQkEwzrGYCuSyWh7qltgz.png

Алматыда актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.

Прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында спортшының бейәдеп сөздер айтқан видеосын анықтаған.

Материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралды. Сот Еркебұлан Тоқтарды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы — «Ұсақ бұзақылық» бойынша кінәлі деп таныды.

Сот шешімімен оған 20 айлық есептік көрсеткіш, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматы прокуратурасы адамның қоғамдағы танымалдығы оны заң талаптарын сақтау міндетінен босатпайтынын атап өтті.

댓글
기타 기사