Жапония Ресейден Хабаровскідегі мемориалды бұзуды талап етті

129
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/h4OwOPYmofvIMPTPHyxmSZQCBrXkxrx8czjjgvs5.jpg

Ресей Хабаровскідегі КСРО-ның Жапонияны жеңгеніне орай орнатылған мемориалды бұзуы тиіс. Бұл туралы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Жапония үкіметі Ресей тарапынан ескерткіш орнатуды тоқтатуды және оны бұзуды қатаң талап етеді», — деп жазды Такаити X әлеуметтік желісінде.

Жапония хризантема бейнеленген шекара бағанасын қиратып тұрған мемориалдың ашылуына жол берілмейтінін жеткізді.

«Біз Ресей тарапын шекаралық белгіні алып тастауға шақыруды жалғастырамыз», — деп атап өтті ел үкіметінің басшысы.

1945 жылдың тамызында КСРО одақтастық міндеттемелерін орындау мақсатында Жапонияға қарсы соғыс қимылдарына кіріскен еді. 9 тамызда кеңес әскерлері Маньчжурияда шабуыл бастаған. Маньчжур операциясы барысында Квантун армиясы талқандалып, кеңес әскері Оңтүстік Сахалин мен Куриль аралдарын да басып алдэған.

Квантун армиясының талқандалуы Жапонияны Азия құрлығындағы ең ірі құрлық әскерлерінің тобынан айырып, оның капитуляциясын жеделдеткен еді. 1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония сөзсіз тізе бүгу туралы актіге қол қойып, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын жариялаған.

Хризантема Жапонияның ресми рәміздерінің бірі саналады және ол император әулетімен байланысты. 16 жапырақты алтын хризантеманың стильдендірілген бейнесі – елдің императорлық эмблемасы. Оның бейнесі мемлекеттік рәміздерде, құжаттарда және император әулетіне қатысты заттарда қолданылады. Ал гүлдің өзі Жапонияда дәстүрлі түрде ұзақ өмір мен әл-ауқаттың символы саналады.

4 қыркүйек, жұма күні Хабаровск қаласының ең биік нүктесінде КСРО-ның Жапонияны жеңгеніне және Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына арналған Ресейдегі ең ірі мемориал ашылған болптын. Биіктігі 15 метр болатын сарбаздың мүсіні қоладан құйылған.

«Бұл біздің көршілеріміз айтып отырғандай, император әулетінің ғана символы емес. Бұл — Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде адам айтқысыз қылмыстар жасаған милитаристік Жапонияның да символы. <…> Бұл — Ресей-жапон соғысынан кейін Жапония Ресейден Сахалиннің жартысын тартып алған кезде орнатқан шекаралық тастың дәл көшірмесі», — деді президент Әкімшілігінің гуманитарлық саладағы мемлекеттік саясат басқармасы басшысының орынбасары Николай Овсиенко.

댓글
기타 기사