Путиннің баспасөз хатшысы қырғызша білетінін айтты

133
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cWa2kg5CJxv3q6krH8LDe88vbiAkDC9lgRVGeJ4W.jpg

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қырғыз тілін шамамен 40 пайыз түсінетінін айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Бұл туралы ол Бішкекте өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында «Номад ТВ» телеарнасына берген сұхбатында айтты.

Песковтің сөзінше, қырғыз тілін ұзақ уақыт тілдік ортада болған жағдайда түсіну деңгейі арта түсуі мүмкін.

Ол қырғыз және түрік тілдерінің арасында ұқсастық көп екенін атап өтті. Атап айтқанда, екі тілдің сөз түбірлері, тілдік жүйесі және кейбір дыбысталуы ұқсас екенін айтты.

Дмитрий Песков түрік тілін жақсы меңгерген. Қырғыз және түрік тілдері түркі тілдері тобына жатады.

댓글
기타 기사