Президент елінің 300 студентін шетелге шығарып салды

312
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xt4H5X5ZPev5T4ckzzG5sVONHoKcIUfnQqpj1lPz.png

26 тамызда «Шыңғысхан» халықаралық әуежайында «Президенттік стипендия – 2100» бағдарламасы аясында шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға аттанған студенттерді шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы «Монцамэ» жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух студенттерді әуежайдан шығарып салып, оларға оқуда сәттілік тіледі. Сондай-ақ әр студентке естелік ретінде мемлекеттік ту табыстады.

«Әлемдік деңгейдегі білім алып, еліміздің дамуы мен өркендеуіне, болашағының жарқын болуына аянбай еңбек ететін зиялы әрі көшбасшы азамат болуларыңызға тілектеспін. Ел, халық және Үкімет болашақ ұрпаққа сенеді. Еліміздің абыройы мен моңғол халқының құндылықтарын жоғары бағалап, бір-бірімізді қолдап, құрметтеп, әрдайым өзара демеу болайық», – деді ол шығарып салу рәсімінде.

Биыл 300 студент 16 елдің университеттерінде білім алуға аттанады. Олар АҚШ, Германия, Франция, Чехия, Канада, Польша, Аустралия, Жапония, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Түркия, Венгрия, Литва, Аустрия және Үндістанда оқиды.

 

댓글
기타 기사