Непалдағы су тасқыны. 400-ге жуық турист із-түссіз жоғалып кеткен

184
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vfXPBlyhJAJLeENt6xjmPORnAYjcdbvGR77kDIgA.jpg

Непалдағы Бхоте-Коши өзенінде болған су тасқынынан кейін кемінде 384 турист хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы 26 тамызда елдің Туризм кеңесі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Туристік компаниялардан алынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, зардап шеккен аймақтарда 384 туристің хабар-ошарсыз кеткені анықталды. Олардың 291-і — шетел азаматтары, 93-і — Непал азаматтары»,– делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 100-ден астам Үндістан азаматы, 17 Малайзия азаматы, 12 Ұлыбритания азаматы, төрт Оңтүстік Африка азаматы, үш АҚШ азаматы, бір Аустралия және бір Нидерланд азаматы хабар-ошарсыз кеткен. Тағы 111 адамның азаматтығы әзірге нақтыланбаған.

Ratopati басылымы кемінде 16 адамның қаза тапқанын, 36 адамның жарақат алғанын жазды.

Су тасқыны 26 тамыз күні таңертең мұзды-тас көшкіні жүргеннен кейін болған. Соның салдарынан Бхоте-Коши өзеніндегі су деңгейі күрт көтерілген. Табиғи апат бірнеше елді мекенді, жолдарды және гидроэнергетикалық нысандарды қиратқан.

Еске салайық, тамыз айының ортасында Жапонияда соңғы 60 жылдағы ең қатты нөсер жауған еді. Жауын-шашын су тасқынына әкеліп, салдарынан 10 адам қаза тапқан. Маусым айында Қытайда да рекордтық жауын-шашын салдарынан 2,5 миллионға жуық тұрғыны бар қала ішінара су астында қалған. 2024 жылы Непалдағы су тасқынынан 193 адам қаза тапса, 2019 жылы табиғи апат 65 адамның өмірін қиған.

댓글
기타 기사