Мандат алатын депутаттар саны мен Құрылтай сайлауының қорытындысы жарияланды

106
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VG2vX6D11Ls16Q0MP8YNZs6BWvA3i2O06Fs6n8ZV.webp

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарын сайлаудың қорытынды нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 12 623 289 азамат енгізілген. Дауыс беруге 9 351 539 адам, яғни сайлаушылардың 74,8 пайызы қатысты.

Партиялар жинаған дауыс үлесі мынадай:

«Әділет» партиясы – 71,17 пайыз;

«Ауыл» партиясы – 6,26 пайыз;

 Respublica – 5,56 пайыз;

«Ақ жол» партиясы – 5,21 пайыз;

ЖСДП – 5,11 пайыз;

Қазақстан Халық партиясы – 3,11 пайыз;

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы – 1,07 пайыз;

«Бәріне қарсы» – 2,51 пайыз.

Құрылтайға өту үшін партиялар сайлаушылардың кемінде 5 пайыз дауысын жинауы қажет болды.

Осы нәтижеге сәйкес, Құрылтайдағы мандаттар бес партия арасында бөлінді. «Әділет» партиясы 110 мандат, «Ауыл» партиясы 10, Respublica 9, «Ақ жол» партиясы 8, ал ЖСДП 8 мандат алды.

Осылайша, Құрылтайдың 145 депутаты партиялық тізімдер бойынша сайланды.

Айта кетейік, Құрылтай депутаттарын сайлау 23 тамызда өтті. Дауыс беру учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істеді.

댓글
기타 기사