Түркия қазағы, белгілі өнерпаз Бешір Ахмет Көсе дүниеден өтті

218
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/g2henUWL75wGQcF9ybcKkxWugxACA0qpbKBlUD4r.jpg

Түркия қазағы, әнші, ақын, композитор, Бешір Ахмет Көсе өмірден озды. Қаралы хабарды журналист Ержан Төлек жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бәшір ағамыз Түркиядағы қазақтардың жарқын өкілінің бірі еді. Жүрегі кең, баладай аңқылдаған таза адам болатын. Түркі әлеміне Қазақ мәдениетінің дәріптелуіне теңдессіз үлес қосты. 

Ыстанбұлға жолы түскен қазақстандық өнер майталмандары Бәшір ағамызға сәлем бермей кетпейтін. Сонда оқып жүрген қазақ жастарын ерекше қолдайтын. Жеңгеміз марқұмның қолынан күрең шәйін ішіп отырып ағамыздың талай әңгімесі мен әнін тыңдап едік...

Өмірін өнерге айналдырған Бәшір аға да бұ дүниені тәрк етіпті. Сіз салған әндер мен жарқын бейнеңіз мәңгі жүрегімізде. Түркиядағы қазақ жұртына, ағаның әулетіне қайғыра көңіл айтамын»,– делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бешір Ахмет Көсе 1955 жылы Түркияның Салихли қаласында туған. Оның «Алтай тауым», «Көктем», , «Жалғыз көңілім» сынды әндері бар.

댓글
기타 기사