Иран Ормұз бұғазындағы ереже бұзған кемелерді тәркілемек

272
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/C96XvTnl5YJQ778D7y6UuocY2lnXKkbVDrn664f4.jpg

Ормұз бұғазынан өту ережесін бұзған кемелердің бұдан былай бұғаз арқылы өтуіне шектеу қойылады. Оларға айыппұл салынуы, ұсталу және тіпті тәркіленуі мүмкін. Бұл туралы 23 тамызда Иранның Парсы шығанағы бұғазы әкімшілігі (PGSA) айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Хабарламада бұдан әрі Парсы шығанағы акваториясына немесе одан тыс бағытта жүк тасымалдайтын жүк жөнелтушілерге кеме жалдамас бұрын ықтимал мәселелердің алдын алу үшін тиісті сайттағы талаптарды сақтамаған кемелердің тізімімен танысу қажет екені айтылған.

19 тамызда Axios басылымы АҚШ Қарулы күштері кемелердің Ормұз бұғазы арқылы өтуіне арналған құпия теңіз бағытын әзірлегенін хабарлаған еді. Бұл бағыт арқылы тәулігіне миллиондаған баррель мұнай тасымалдауға болады.

Басылымның мәліметінше, Оман жағалауындағы оңтүстік арна арқылы әр түн сайын 15-20 танкер өтіп, әлемдік нарыққа шамамен 10 млн баррель мұнай жеткізеді. Бұл соғысқа дейінгі көлемнің шамамен жартысына тең. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдері бұл жеткізілімдердің әлемдік мұнай нарығына «айтарлықтай ықпал» етіп отырғанын мәлімдеген.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы ауқымды экономикалық соғыс басталғанын жариялаған еді. Ол Тегеранды қолдайтын немесе онымен бизнес жүргізетін кез келген елге санкциялар салынатынын ескерткен. Сондай-ақ Трамп қазіргі уақытта Вашингтонның Тегеранмен келіссөз жүргізіп жатпағанын атап өтті.

댓글
기타 기사