Мектепте қарулы шабуыл салдарынан бір адам қаза тапты

105
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/vBWdp98VAMNAr4OpSsz4cf6ZLf4Q1AVy2e7agvOx.webp

Швецияның Фагерста қаласындағы Brinellskolan орта мектебінде қарулы шабуыл болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Тағы үш кәмелетке толмаған оқушы жарақат алды.

TASS дерегінше, оқиға 21 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 14:06-да болған. Швеция полициясының мәліметінше, мектеп ғимаратына 18 жастағы бұрынғы оқушы қаруланып кіріп, оқушыларға шабуыл жасаған.

Шабуыл салдарынан бір адам көз жұмды. Жасы 12 мен 17 аралығындағы үш кәмелетке толмаған бала жарақат алған. Олардың екеуінің жарақаты ауыр, біреуінің жағдайы жеңіл. Жеңіл жарақат алған оқушы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.

Полиция оқиға орнына бірнеше минут ішінде жеткен. Сағат 14:16 шамасында құқық қорғау қызметкерлері қару қолданып, күдіктінің аяғына оқ тигізіп, оны ұстаған.

Полиция мәліметінше, оқиға орнында басқа шабуылдаушылар анықталмаған.

Күдікті қара киім, дулыға және бетін жауып тұратын маска киген. Шабуылға дейін оның әлеуметтік желідегі аккаунтында семсердің суреті мен жазба жарияланған.

Полиция 18 жастағы күдіктінің бұған дейін мектепте зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталғанын хабарлады. Қазір қылмысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.

Brinellskolan — 16-20 жас аралығындағы шамамен 450-470 оқушы білім алатын гимназия. Оқу жылы мектепте бірнеше күн бұрын басталған.

댓글
기타 기사