Алтынның орнына - жез. Депутаттың төсбелгісі 42 мың теңге тұрады

153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/l7M302oPrNxszc42wPOS2G4rOLWYeN1OdUq7BfVA.jpg

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бүгін,  21 тамызда ведомствода өткен брифингте депутаттардың төсбелгісі қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

ОСК төрағасының айтуынша, бұл мәселе мемлекет басшысының қатысуымен де талқыланған. Президент төсбелгінің көлемін кішірейтуді, сондай-ақ оны дайындау кезінде қымбат металдарды пайдаланудан бас тартуды ұсынған.

«Бұл мәселені комиссия отырыстарында бірнеше рет талқыладық. Оның үстіне Ұлттық банк Монета сарайының мамандарын тартып, егжей-тегжейлі қарастырдық. Олар төсбелгіні жезден жасауды ұсынды», – деді төраға.

Бұған дейін депутаттардың төсбелгілері 375 сынамалы алтыннан жасалған еді. Әбдіровтің айтуынша, олар соңғы рет 2023 жылы сатып алынған. Сол кезде бір төсбелгінің бағасы 313 600 теңге болған.

Жезден жасалған жаңа төсбелгі әлдеқайда арзанға түседі. Оның бағасы шамамен 42 000 теңгені құрайды. Бұл ретте бұрынғы депутаттар өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өздерінің төсбелгілерін қайтармайды.

댓글
기타 기사