19 жылдан кейін хабары белгілі болды. Мұздықтан табылған мәйіт

225
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/w9DArpwo6hWBLi0XWDWpA0N0e1xPNezQ2PZ0haib.jpg

Алматы облысының тауларынан табылған адам сүйектерінің кімге тиесілі екені анықталды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі. 

Бұл туралы марқұмның қызы Нелля Михеева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, табылған сүйектер 2007 жылы тауға шығып, содан бері хабар-ошарсыз кеткен әкесіне тиесілі. Нелля Михеева сүйектердің табылғанын 19 жылдан кейін естіп отыр.

Әйелдің сөзінше, Беларусьтен келген туристер таудан адам сүйектері мен рюкзак тапқан. Бұл туралы ақпаратты оның құрбысы жіберген. Нелля Михеева рюкзакты бірден әкесінікі деп таныған.

Кейін құтқарушылар мен полиция қызметкерлері отбасымен байланысқа шыққан. Тергеушілерге қажетті құжаттар мен әкесінің тауда жүрген кездегі фотосуреттері ұсынылған. Тексеру барысында рюкзактың ішінен марқұмның жеке куәлігі де табылған.

Бұған дейін Беларусьтен келген туристер Алматы облысының тауларында адам мәйітінің қалдықтарын тапқан болатын. Туристер бұл туралы құтқару қызметіне хабарлаған.

Оқиға орнына ТЖМ «Қазәуеқұтқару» әуе кемесімен «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары мен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жіберілген.

Қазір оқиғаға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.

댓글
기타 기사