Әскердегі суицид. Премьер арнайы жұмыс тобын құрды

854
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/7w8AZDAGBA2eA8k1APXfR4oUEDmHIf6mt2JEkJ58.jpg

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әскердегі суицид пен жарғылық тәртіпке қайшы қарым-қатынас мәселелерімен айналысатын жұмыс тобын құрды. Тиісті шешім ел үкіметінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жұмыс тобының құрамына негізгі күштік және мемлекеттік құрылымдардың басшылары мен өкілдері кірген. Атап айтқанда, қорғаныс, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлері, Қарулы күштер Бас штабының бастығы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Бас прокуратура басшыларының өкілдері, Әскери полиция бастығы және басқа да лауазымды тұлғалар бар. Барлығы жұмыс тобына 11 адам енген.

Бұған дейін Пашинян әскердегі оқиғалар мен Қарулы күштердегі жағдайға қатысты пікір білдіріп, осы салаға тікелей жауапты құрылымдарда кадрлық өзгерістер болатынын мәлімдеген еді. Көп ұзамай Қарулы күштердің моральдық-психологиялық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Сережа Степанян мен Әскери полиция бастығы Ашот Закарян қызметтерінен босатылды.

댓글
기타 기사