Павлодарда алғаш рет бір маусымда 23 магистральдық көше жөнделді

308
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/SAUsLuf4jQi9Ay13GbuwmNVqIQ9qxmRL3ZBZQBUa.jpg

Биыл Павлодар қаласының жол инфрақұрылымында бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыс атқарылды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен бір ғана құрылыс маусымында 23 магистральдық көше жөнделді. Бұл – қала тарихындағы ең ауқымды жол жөндеу жұмыстарының бірі.

Жөнделген көшелердің жалпы ұзындығы 44,6 шақырымды құрайды. Ең бастысы, жұмыстарды жоспарлау кезінде тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері ескерілді. Көптеген көше тұрғындардың көтерген мәселесі негізінде жөндеу тізіміне енгізілді.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтің айтуынша, биыл негізгі магистральдық көшелердің басым бөлігін жөндеуден өткізуге мүмкіндік туды.

«Аймақ басшысы Асайын Қуандықұлының қолдауымен негізгі магистральдық көшелердің басым көпшілігін жөндеуден өткіздік. Бұл қала тұрғындарының жайлылығына және қауіпсіз қозғалысына үлкен серпін болды деп есептейміз», – дейді қала әкімі.

Жол жөндеу жұмыстары кезінде сапаға да ерекше назар аударылды. Асфальт төсеуде жаңа технология қолданылып, шиыршықтасты-мастикалық асфальтбетон пайдаланылды. Бұл материал жоғары жүктемеге төзімділігімен және беріктігімен ерекшеленеді.

Тағы бір маңызды нәтиже – негізгі жұмыстар жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды. Жол жөндеу жұмыстарының басым бөлігі шілде айында толық тәмамдалды.

Бір маусымда 23 магистральдық көшенің жөнделуі – Павлодардың жол желісін жаңартудағы жаңа белес. Бұл – тек асфальт төсеу ғана емес, тұрғындардың күнделікті қозғалысына қолайлы жағдай жасап, қала көшелерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыс.

댓글
기타 기사