Тәліптер БҰҰ қызметкерлерін қамауға алды

177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/IzgV9xm7jCgSOSa1WCajS3wRuVT9MGcKQsixg5CF.jpg

Ауғанстанның бас барлау басқармасының қызметкерлері Герат қаласында БҰҰ миссиясының екі қызметкерін ұстады. Бұл туралы Afghanistan International басылымы жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қызметкерлер провинциядағы әйелдердің ұсталуына қатысты баяндама дайындағаннан кейін қамауға алынған. Өңірде әйелдерге арналған жаңа талаптарға, соның ішінде косметика қолдануға тыйым салуға байланысты наразылықтар өршіген.

Талибанның барлау қызметі миссия қызметкерлерін 9 тамыз күні кешке ұстаған. Олар бұған дейін зардап шеккен бірнеше қызбен сұхбаттасып үлгерген.

Миссия өкілдері қызметкерлерге қандай айып тағылғаны туралы хабарланбағанын және олармен кездесуге мүмкіндік берілмегенін мәлімдеді. Айтуларынша, ұсталғандар қазіргі уақытта байланысқа шықпай отыр.

Дүйсенбі күні Ауғанстанның әділет министрі Абдул Хаким Шараи халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне адамдардың келісімінсіз оларды суретке түсіруге рұқсат етілмейтінін айтқан еді. Ол мұндай оқиғалар назардан тыс қалмайтынын атап өткен.

댓글
기타 기사