Ұлытау ауданындағы өзекті мәселелер бақылауда. Облыс әкімі жұмыс сапарымен барды

210
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/gAitwkFkrSTO757VFb4xdss72iIB1oou9vqkgxjo.jpg

Облыс әкімі Есет Байкен жұмыс сапарымен Ұлытау ауданына барып, Жезді және Қарсақбай кенттері мен Байқоңыр ауылындағы әлеуметтік, өндірістік және инфрақұрылымдық нысандардың жай-күйімен танысты.

Жұмыс сапары барысында өңір басшысы білім беру, денсаулық сақтау және спорт саласындағы нысандарды аралап, Қарсақбай металлургия зауыты мен гидротехникалық учаскесінің жұмысын көрді. Сондай-ақ академик Қаныш Сәтбаевтың музей-үйінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Облыс әкімі бұдан бөлек Жезді–Қоскөл автомобиль жолындағы орташа жөндеу жұмыстарының барысын тексеріп, Байқоңыр ауылындағы мектеп пен фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысымен танысты. Соңғы жылдары ауылда балалар мен жастар санының тұрақты өсу динамикасы байқалады. Осыған байланысты өңір басшысы ауыл мектебін жаңғырту қажеттігіне ерекше назар аударды.

Қарсақбай–Байқоңыр автомобиль жолының 51 шақырымдық учаскесіне асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. Өткен жылы басталған жобаны биыл толық аяқтау жоспарланып отыр.

Жұмыс сапары «Бұланты шайқасы» тарихи кешеніне барумен қорытындыланды.

Аралау қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан әкімдігіне анықталған мәселелерді кезең-кезеңімен шешіп, нысандардың сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды.

댓글
기타 기사